Жаңалықтар

Академия президенті Қазақстанның Сыртқы істер министрімен жүздесті

1419

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Халықаралық Түркі академиясының Президенті   Дархан Қыдырәлімен  кездесті. Жүздесу биылғы қыркүйекте Қырғызстанда өтуі жоспарланған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (ТМЫК) 6 шы Саммитіне   орай ұйымдастырылды.

Кездесу барысында министр Академияның түркітілдес мемлекеттер арасындағы рухани интеграцияны тереңдетуге, ғылыми қауымдастық өкілдерінің ынтымақтастығын арттыруға қосқан үлесіне ризашылығын білдірді. Академия президенті ұйымның түркі әлемі тарихын, тілі мен әдебиетін, мәдениетін зерттеу, түркі халықтарының әлемдік өркениеттегі орнын анықтау бағытында көптеген ғылыми зерттеулер жасап жатқанын, экспедициялар ұйымдастырғанына тоқталды.

Сонымен қатар, Дархан Қыдырәлі   Академияның Түркі кеңесі саммитін өткізуге атсалысатындығын, ғылыми зерттеу саласында түркітілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты тереңдете түсуге   үлес қоса беретіндігін атап өтті. Академия биылдың   өзінде ақиық ақын Мағжан Жұмабайұлының 125 жылдығына, заңғар жазушы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына шаралар өткізді. Халықаралық Түркі академиясы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде «Рухани жаңғыру және мәдени мұра: қадамнан келешекке түркі тілі» атты халықаралық форумын, Астанада «Үлы Дала» ІІІ гуманитарлық форумын өткізді. Ұйымның түркітілдес елдердің ортақ тарихы, әдебиеті мен мәдениетін зерттеп, танытудағы рөлі зор. Кездесуде Академия атқарған өзге де жұмыстар аталып өтілді.

Кездесу соңында Академия басшысы Дархан Қыдырәлі Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановқа Халықаралық Түркі академиясы шығарған жаңа кітаптарды тарту етті.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы