Жаңалықтар

TWESCO басшысы Мажарстан делегациясымен кездесті

207

TWESCO-ға Мажарстаннан арнайы делегация келді.  Кеңестік жүйе кезінде қуғын-сүргін көрген мажарлар ұрпағы құрған «Кеңес одағына жер аударылған мажар саяси тұтқындары мен еріксіз жұмысшылар ұйымы» деп аталатын бірлестік өкілдері Академиядағы Түркі тарихы музейімен және кітапханамен танысты. Одан соң Академия басшылығымен кездесу болды.

         Кездесуге аталған ұйым төрайымы Менцер Эржебет, ұйым мүшелері мен Мажарстанның Қазақстандағы елшігі қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында Академия президенті Дархан Қыдырәлі мажарстандық қонақтарды TWESCO атқарған жұмыстарымен таныстырды. Жақында ғана Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өткен Түркі кеңесінің VI саммитінде Мажарстанның Халықаралық Түркі академиясына бақылаушы мемлекет мәртебесі ресми түрде бекітілгенін атап өтіп, Мажарстанмен бірге атқарған жұмыстар жайлы баяндады.

         Сонымен қатар, TWESCO басшысы Мажарстанмен тек арғы тарихта ғана емес, бергі ХХ ғасырда да байланыстардың болғанын тілге тиек ете отырып: «Қос халық та репрессия зардабын өте көп тартқан. Мажарстан мен Қазақстанның тарихы ғана емес, тағдыры да ұқсас»-деді. Сонымен бірге, кеңестік кезеңде   Қазақстанға да көптеген мажар тұтқындарының әкелінгені туралы айтылды. Келген қонақтар да Академия басшысы мен ұжымына алғыс айтып, алға қойған мақсаттары жайында баяндады. Одан соң қонақтар репрессия кезінде тұтқындалған азаматтардың тағдырына қатысты деректермен танысу мақсатында сапарларын жалғастырды.


       

 


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы