Жаңалықтар

Академия «Түркі әлемінде тұлғалар тағылымы» сериясымен алғашқы ғылыми семинар өткізді

1616

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) Астана қаласында бауырлас татар халқының көрнекті қайраткері Әбдірәшит Ибраһимге арналған «Түркі әлемінде тұлғалар тағылымы-1: Әбдірәшит Ибраһим» атты ғылыми семинар өткізді.

Белгілі қоғам қайраткерлері, ұлт зиялылары, дипломаттар, ғалым-түркологтар мен ізденушілер қатысқан алқалы шараны Академия басшысы Дархан Қыдырәлі ашып берді.


Түркі жұртының тегеурінді тұлғасы Ә. Ибраһимнің туғанына 160 жыл толуына орайластырылып отырған жиында Жапонияның белгілі ғалымы, білікті түркітанушы профессор Хисао Коматсу түрік тілінде дәріс оқыды. 


Сонымен бірге, Академияның шақыруымен Күншығыс елінен арнайы келген Коматсу мырза қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.


Семинар соңында Д.Қыдырәлі жапон ғалымына мазмұнды баяндамасы үшін алғыс айтып, «Түркологияны зерттеуге қосқан зор үлесі үшін» TWESCO Құрмет грамотасын табыс етті.


Айта кету керек, Академия Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған елдің алтын діңгегі болған және түркі дүниесінің мақтаныштарына айналған зиялыларды дәріптеу мақсатында «Түркі әлемінде тұлғалар тағылымы» тақырыбында семинарлар сериясын жүйелі түрде жалғастырады. 



Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы