Жаңалықтар

Академия Жапонияда Рухани жаңғыруға арналған жиын өткізді

1086

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) Жапония астанасы Токио қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасына арналған жиын өткізді.


Токио Халықаралық зерттеулер университетінде (TUFS) өткен шарада Академия басшысы Дархан Қыдырәлі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсат-маңызына арналған мазмұнды баяндама жасады. Сонымен бірге, университеттің ізденушілері мен студенттерінің көкейде жүрген сұрақтарына жауап берді.


Бұдан кейін Орталық Азия тақырыбын зерттеуші белгілі жапон сарапшылары Кимуа Сатору, Коматсу Хисао, Сакий Хироки, Тецу Акияма мен Шимада Шизуо Елбасы Н.Назарбаевтың аталған бағдарламасының өзектілігіне қатысты пайымды пікірлерін ортаға салды. Сарапшы мамандардың ойынша, бағдарламада көрсетілген міндеттер Қазақстандағы ғылым, мәдениет саласындағы жетістіктерді жаңа сапалы деңгейге көтеруге сеп болмақ.


Рухани жаңғыруда көтерілген келелі мәселелер төңірегінде құнды пікірлер айтылған жиынды қорытындылай келе Д.Қыдырәлі қатысушыларға ризашылығын білдірді.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Рашид Абдуллович Аганин
Түркітанушы-лингвист, филология ғылымдарының кандидаты.