Жаңалықтар

Академияға Түркиядан құрметті қонақтар келді

1521

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Түркия Республикасы президентінің кеңесшісі, Түркия Республикасы Милли мәжілісінің депутаты, Түркі кеңесі ақсақалдар кеңесінің Түркия өкілі Мұстафа Исен мырзамен кездесті.

Академияға арнайы келген делегация құрамында Түркияның мемлекет қайраткері Мехмет Мунис Дирик, Йылдырым Беязыт университетінің профессоры Салих Йылмаз бен Түркияның Қазақстандағы елшілігінің хатшысы Озгур Сейран болды. Екіжақты кездесуге сонымен қатар, Түркі кеңесі ақсақалдар кеңесінің мүшесі Әділ Ахметов те қатысты.


Д.Қыдырәлі меймандарға Академияның қызметі мен атқарған ірі жобалары жөнінде әңгімелеп, болашақ жоспарларымен таныстырды.

Өз кезегінде Мұстафа Исен мырза Академия құрылған алғашқы жылдан бері ұйымның қызметімен етене таныс екенін жеткізіп, жұмысына жоғары баға берді. «Түркі академиясы бүгінде шын мәнінде түркі дүниесінің ғылыми-интеллектуалды алаңына айналды», - деп атап өтті.

TWESCO кітапхана қорымен танысқан қонақтар Түркі музейін де аралап көрді.


Кездесу соңында Д.Қыдырәлі құрметті қонақтарға Академия басып шығарған құнды кітаптарды тарту етті.



Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Рашид Абдуллович Аганин
Түркітанушы-лингвист, филология ғылымдарының кандидаты.