Жаңалықтар

Қазақстан Президенті Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысты

501

  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысты. Қазақстан басшысы елдің заң шығарушы органының жаңа сеесиясының ашылуымен құттықтады.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Нұрсұлтан Назарбаев алтыншы шақырылымның депутаттық корпусы жоғары кәсібилік көрсетіп, Үкіметпен өзара үйлесімді ықпалдастық танытқанын атап өтті.


– Парламенттің үшінші сессиясының қорытындысы бойынша 87 заң қабылданды, соның ішінде мен жариялаған «Бес әлеуметтік бастаманың» тиісті нормативтік құқықтық негізі қалыптасты. Бұл алты миллионнан астам қазақстандықтың әл-ауқатын арттырып, өсіп-өркендеуіміздің басты шарты саналатын халқымыздың бірлігін нығайтуға мүмкіндік береді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы еліміздің экономикалық жетістіктеріне арнайы тоқталды.

– Қазақстандағы ішкі жалпы өнім 4 пайызға артты, инфляция 5,9 пайызға төмендеді, инвестиция көлемі 24 пайызға өсті. Экономика мен қоғамның тиімді жаңғыруына қажетті жағдайлар жасалуда. Біз былтырдан бастап экономиканың әлемдегі орташа даму қарқынынан оза бастадық. Өңдеу өнеркәсібі, көлік және қызмет көрсету салалары сияқты шикізаттық емес секторлар экономикалық өсімнің қозғаушы күшіне айналды, – деді Қазақстан Президенті. Елбасы әрі қарай дәйекті әлеуметтік-экономикалық даму үшін сапалы заң шығару жұмысын жалғастыру қажет екенін айтты. Бірқатар нақты салаларды дамытуға қатысты заңнамалық базаны жетілдіру керек екендігін атап өтті. Атап айтқанда, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды медициналық және әлеуметтік сақтандыру, сондай-ақ зейнетақымен қамту жүйесіне тарту, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшу, медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін енгізу, қоғамдық денсаулықты сақтау мәселелерін және медициналық мекемелерде корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жұмыстары туралы айтты Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасына арнайы тоқталды. «Қоғамдық сананы жаңғыртуға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды міндеттерінің бірі тарихи-мәдени мұраны сақтап, кеңінен танытуды қамтамасыз ету болып саналады. Тиісті заң жобасын қабылдау үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес тарихи әрі киелі нысандарды тиімді дамытуға, қорғауға септігін тигізеді», – деді Қазақстан Президенті.




Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты