Жаңалықтар

Қазақстан Президенті TWESCO жұмысын атап өтті

770

Қырғызстанда өтіп жатқан Түркі кеңесінің VI саммитінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Түркі академиясы атқарған бірқатар жұмыстарға тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы Астанада өткен саммиттен кейбін көптеген жұмыстар атқарылғанын айта келе: «Мәселен, біздің тапсырмаларымызға сәйкес, ортақ түркі тарихы оқулығы әзірленіп, елдеріміздің мектеп бағдарламасына енгізіле бастағаны қуанышты жаңалық деп санау керек. Бұл жастарды ортақ тарихымыз негізінде тәрбиелейтін тиімді тетігі болады деп сенемін. Сонымен қатар Түркі академиясы тарихымызды танытып, сананы жаңғыртуға бағытталған 90-нан астам кітап шығарды. Төрт мың жылдық мәдени мұрамызды жинақтап, оны жариялауға арналған аталар мұрасы порталы іске қосылды»,-деді.

Естеріңізге салар болсақ, TWESCO Түркі кеңесінің V саммитінің қорытындыларына сәйкес «Ортақ түркі тарихы» оқулығын әзірлеген болатын. Сонымен қатар, «Ортақ түркі әдебиеті» және «Ортақ түркі географиясы» оқулықтарын даярлауға да белсене атсалысқан еді.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Рашид Абдуллович Аганин
Түркітанушы-лингвист, филология ғылымдарының кандидаты.