Жаңалықтар

Қазақстан Президентінің бағдарламалық мақаласы жарық көрді

252

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрді. Бағдарламалық мақалада Ұлы дала өркениеті, түркі дүниесіне қатысты өзекті ойлар мен ұсыныстар айтылған.

Мақалада Қазақстан Президенті өз мақаласында ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт мәселесіне тоқтала келе Ұлы дала өркениетінде ат міну мәдениеті, ежелгі металлургия, Алтын адамның айырықша орны болғанын, осынау ұлан-ғайыр атыраптың Түркі әлемінің бесігі екендігін, Ұлы Жібек жолының айырықша орын бар екенін атап өткен. Сонымен қатар, Қазақстанның алма мен қызғалдақ отаны болғандығын да тілге тиек етеді.

Қазақстан Президенті Ұлы дала өркениетінің ерекшеліктеріне тоқтала келе алдағы уақытта жүзеге асырылатын бірқатар жобаларға да назар аударған. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Архив-2025», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жаңа жобаларды жүзеге асыру, 2019 жылы Астанада Түркологтардың   дүниежүзілік конгресін, Түркі халықтары мәдени күндерін өткізу, түркі халықтарына ортақ онлайн кітапхана ашу туралы ұсыныстар айтты. Сонымен қатар, мақалада Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі, Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы, тарихтың кино өнерім мен телевизиядағы көрінісі тәрізді кешенді жобаларды жүзеге асыру мәселелері айтылған.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы