Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ АКАДЕМИЯҒА КЕЛДІ

700

Қазақстан Республикасын сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Халықаралық Түркі академиясында болып, ұйымның жұмысымен танысты. TWESCO қызметіне   жоғары баға берген министр ұйымның бірқатар қызметкерлерін министрдің Құрмет   грамотасымен   марапаттап, Академияның естелік кітабына лебізін қалдырды.

         Халықаралық Түркі академиясына келген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов академия музейін аралап, кітапханамен, жасалып жатқан ғылыми жұмыстармен танысты. Сонымен қатар министр академия ұжымымен кездесті. Кездесуге Түркі кеңесі ақсақалдар кеңесінің мүшесі Әділ Ахметов, ҚР Сыртқы істер министрлігі департамент директоры Әлібек Бақаев қатысты. Кездесу барысында Академия президенті   Дархан Қыдырәлі министрді ұйымның атқарған жұмыстарымен таныстырды. Министр академия жұмысына   жоғары баға беріп, TWESCO-ның бірқатар қызметкерін ҚР Сыртқы істер министрінің Құрмет грамотасымен марапаттады. Атап айтқанда TWESCO Халықаралық қатынастар және протокол бөлімінің басшысы Асхат Кесікбаев, сарапшылар Тимур Козырев, Ақеділ Тойшанұлы және Фузули Маджиди Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының Құрмет грамотасына ие болды.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты