Жаңалықтар

Әзербайжан парламенті «Түркі академиясының қаржылық қағидалары туралы келісімді» мақұлдады

98

Әзербайжан Милли Меджилисі (Парламент) 2019 жылдың 1 ақпанында өткен отырысында «Түркі академиясының қаржылық қағидалары туралы келісім» туралы заң жобасын мақұлдады.

Парламентте өткен жиында заң шығарушы органның Білім және ғылым комиссиясының бастығы, депутат Иса Хабиббейлі: «2009 жылдың 9 қазанында Нахчиванда өткен Түркітілдес елдердің мемлекет басшыларының саммитінде Түркітілдес елдер ынтымақтастығы кеңесінің (Түркі кеңесі) құрылуы Түркі әлемінде білім, ғылым, мәдениет пен өзге де салалардағы ынтымақтастықтың тереңдеуінде және үйлестіру жұмыстарын реттеуде маңызды рөл атқарған болатын. Осы уақыт ішінде атқарылған істер Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің «Түркі әлемінің ЮНЕСКО-сына» айналғанын көрсетіп отыр. Кеңеспен байланысы бар құрылымдар болып саналатын ТүркПА, Түркі мәдениеті мен мирасы қоры, Түркі академиясы бүгінде түркі тілі тараған аймақ үшін, әсіресе түркология саласы үшін өте пайдалы құрылымдар екенін дәлелдеді»,-деді.

Иса Хабиббейлі сонымен қатар Түркі академиясының бүгінде халықаралық статусы бар екенін атап өтіп, 2015 жылдан бері Халықаралық Түркі академиясы аясында Түркі әлемі ғылым академиялары одағы қызмет жасап жатқанын, келісімге сәйкес әр мемлекет кезекпен   басшылық жасағанын, Әзербайжанның биыл Түркі әлемі ғылым академиялары одағына төрағалық етіп отырғанын тілге тиек етті.

Депутат Халықаралық Түркі академиясының қазірге дейін түркі тілдес мемлекеттерде ғана емес, халықаралық сахнада, ЮНЕСКО және өзге ұйымдарда түркі халықтарына қатысты көптеген өзекті мәселелер жайныда жоғары деңгейдегі шаралар өткізгенін, Академияның түркітілдес елдер, түркі дүниесі зиялылары мен ғалымдары арасындағы интеграция тұрғысынан өте пайдалы   құрылым екендігін атап өтіп, бұл тұрғыдан келгенде заң жобасын мақұлдауды маңызды деп санайтындығын айтты. Сонымен қатар, ол заң жобасының мақұлданатындығынан үміт ететіндігін атап өтті.

Бірқатар пікірталастандан кейін 2018 жылдың 2 қыркүйегінде Бішкек қаласында қол қойылған «Түркі академиясының қаржылық қағидалары туралы келісім» туралы заң жобасы депутаттардың көпшілік дауысымен мақұлданды.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты