Жаңалықтар

Әзербайжан мен Түркия арасында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды

269

Сәуірдің 24-25-і күндері Әзербайжанның Президенті Ильхам Әлиев Түркияға сапар жасады. Сапар қорытындысы аса табысты болды.И.Әлиевтің осы келісінде Түркия-Әзербайжан жоғары деңгейдегі стратегиялық әріптестік Кеңесінің VІІ отырысы өтті. Отырыстан соң Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев пен Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайип Ердоғанның қатысуымен әзербайжан-түрік құжаттарына қол қою салтанаты болды. Жалпы алты маңызды мемлекеттік құжатқа қол қойылды.

Әзербайжан Президенті И.Әлиев пен Түркия Президенті Р.Т.Ердоған «Әзербайжан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы жоғары деңгейдегі стратегиялық әріптестік Кеңесінің жетінші отырысының протоколына» қол қойды.

«Әзербайжан Республикасы Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметінің арасындағы Қоршаған ортаны қорғау бойынша Әріптестік келісімін қолдануға байланысты екіжылдық ( 2018-2019) жұмыс бағдарламасына Түркиядағы Әзербайжан елшісі Хазар Ибрагим мен Түркияның қоршаған орта мен қалақұрылысы министрінің орынбасары Мехмет Джейлан қол қойды.

«Әзербайжан Республикасы Көлік, байланыс және жоғары технологиялар министрлігі мен Түркия Республикасы Көлік, теңіз ісі және байланыс министрлігі арасындағы электронды қол қою бойынша әріптестікке байланысты ынтымақтастық меморандумына» Әзербайжанның көлік, байланыс және жоғары технологиялар министрі Рамин Гулузаде мен Түркияның көлік, теңіз ісі және байланыс министрі Ахмет Арслан қол қойды.

«Әзербайжан Республикасы Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметі арасындағы преференциалды сауда келісімін талқылау барысындағы өзара түсіністік меморандумына» Әзербайжанның экономика министрі Шахин Мустафаев пен Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу қол қойды.

«Әзербайжан Республикасы Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметі арасындағы мәдени орталықтар құру, олардың қызмет және жұмыс тетіктері туралы келісімге» Әзербайжанның сыртқы істер министрі Эльмар Мамедъяров пен Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу қол қойды.

«Әзербайжан Республикасы Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметі арасындағы жеке құрам алмасу жөніндегі протоколға Әзербайжанның қорғаныс министрі, генерал-полковник Закир Гасанов пен Түркия Қарулы күштері Бас штабының бастығы, армия генералы Хулуси Акар қол қойды.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты