Жаңалықтар

Бүгін - Қырғызстанның Тәуелсіздік күні!

622

31 тамыз - Қырғыз Республикасының Тәуелсіздік күні!  1991 жылдың 31 тамызында Қырғызстан Жоғарғы кеңесі Мемлекеттік тәуелсіздік туралы декларацияны қабылдаған болатын. Осылайша Қырғыз Республикасы тәуелсіздігін алды.


фото president.kg сайтынан алынды

Бүгін  Қырғызстанда ел тәуелсіздігінң 27 жылдығы атап өтілуде. Ел астанасы Бішкек қаласы мен аймақтарда салтанатты шаралар, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылған. Бішкектегі іс-шаралар Ала-Тоо алаңында, Қырғыз елінің мемлекеттік әнұранымен басталды. Салтанатты шараға Қырғызстан   Президенті Сооронбай Жээнбеков  және  өзге де лауазымды тұлғалар қатысты. Бішкектегі мерекелік шаралар қаланың төрт ауданында өтіп жатыр.Мереке кешке қарай зеңбіректен отшашу атумен аяқталады.

Естеріңізге салар болсақ, Қырғызстан 1991 жылы 31 тамызда КСРО құрамынан шығып, тәуелсіз мемлекетке айналды. Елдің жер көлемі 199 мың 951 шаршы шақырым, халқының саны 2017 жылғы қаңтардағы деректер бойынша 6 млн 140 мың 200 адамды құрайды. Астанасы-Бішкек қаласы. Мемлекеттік тілі- қырғыз тілі. Орыс тілі ресми қатынастар тілі мәртебесіне ие. Қырғызстан Түркі кеңесіне мүше, сонымен қатар TWESCО- ны құрушы төрт түркітілдес мемлекеттің бірі.



Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты