Жаңалықтар

Түркі кітапханасы башқұрт ғалымы Ахмет-Зәки Уалиди Тоғанның кітап қорымен толықты

1808

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) кітапханасында әйгілі түркітанушы-шығыстанушы ғалым, башқұрт халқының ұлы перзенті Ахмет-Зәки Уәлиди Тоғанның жеке кітап қорын қабылдап алу рәсімі өтті.

26-шы мамыр күні Астанада өтетін «Ұлы дала» ІІ гуманитарлық ғылымдар форумы шеңберінде ұйымдастырылған салтанатты жиынға АҚШ, Әзербайжан, Ресей, Түркия, Өзбекстан мен Моңғолиядан келген тарихшы, әдебиетші ғалымдар мен түркітанушылар, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Validi Togan-2.JPG

Рәсімді жүргізіп отырған Академия басшысы Дархан Қыдырәлі өз сөзінде башқұрт халқының көрнекті қайраткері Ахмет-Зәки Уәлиди Тоғанның қызметі мен шығармашылық мұрасының маңыздылығына тоқталды. Сонымен бірге, ғалымның кітап қорынан бөлек, құнды қолжазбаларын да Түркі кітапханасына табыстаған Ахмет-Зәки Уәлидидің қызы, бүгінде Түркияда тұратын танымал ғалым Есенбике Тоғанға алғысын білдірді.

Validi Togan-1.JPG

Айта кету керек, TWESCO-ның Түркі кітапхана қоры бұған дейін мажар түркітанушысы Иштван Қоңыр Мандокидың, қазақстандық белгілі ғалымдар Әбдуәли Қайдар, Әлжан Құрышжанұлы мен Рабиға Сыздықованың мол кітап қорларымен толыққан болатын.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы