Жаңалықтар

Түркі мемлекеттердің Ұлттық кітапханалары қауымдастық құрды

1020

Түркияның Анталья қаласында «Түркітілдес елдер мен бауырлас халықтардың Ұлттық кітапханалар қауымдастығының» құрылтайы өтті.

Түркия Республикасының Ұлттық кітапханасы ұйымдастырған шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Башқұртстан, Босния және Герцеговина, Гагауз елі, Косово, Македония, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Саха және Татарстанның Ұлттық кітапхана басшылары,  халықаралық ұйымдар өкілдері мен Түркияның сирек кітаптар мен қолжазбалар басқармасы басшылығы қатысуда.


30-шы қазан басталып, 2-ші қарашаға дейін жалғасқан жиында «Түркітілдес елдер мен бауырлас халықтардың Ұлттық кітапханалар қауымдастығы» туралы арнайы Ереже қабылданды.

Ол құжатта ұйымның негізгі мақсат-міндеттері жазылған. Яғни, Ереже қол қойған мүше елдердің кітапханаларына бұдан былай мәдениет, экономика және техника салаларына қатысты ақпараттармен өзара бөлісуге, Ұлттық кітапханалардың қызметін оңтайландырып, жақсарту үшін тәжірибе алмасуға, сол бағытта түрлі жобалар, семинарлар мен тренингтер ұйымдастыруға; түркі халықтардың мәдениеті мен тарихын насихаттау мақсатында бірлескен іс-шаралар өткізуге мүмкіндік береді.

Қатысушылардың шешімімен Одақтың бас кеңсесі Анкара қаласында болатын болды. 


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты