Жаңалықтар

Халықаралық Түркі академиясы делегациясы Өзбекстан Жазушылар Одағының төрағасы Сирожиддин Сайидтың қабылдауында болды

129

Халықаралық Түркі академиясы делегациясын Өзбекстан Жазушылар Одағының төрағасы Сирожиддин Сайид мырза қарсы алып,  екі елдің қаламгер қауымының  әріптестік байланысының дәстүрі бай екеніне ерекше тоқталды. 

Дөңгелек үстел мәжілісінде сөз алған  Қазақстан Жазушылар Одағының   төрағасы, белгілі  ақын  Ұлықбек Есдәулет  Науаи мен Абай  арқылы арғы дәуірден бастау алған,  Ғафур Ғулям мен Сәбит Мұқанов арқылы  жаңа заманға алмасқан достық қатыныстың  соңғы  уақытта жаңа тынысы ашылғанына   қаламгер қауымның ықыласты  екенін білдірді.  Кездесуде  еркін пікір білдірген   көрнекті ақын Н.Айтұлы, жазушы, «Мағжан» журналының бас редакторы  Жарасбай Сүлейменов,  ғалым У.Қалижанов,  Қ.Ергөбектер  әдеби байланыстардың көкжиегі кеңи түсетініне, әріптестіктің арта беретініне  шынайы ілтипатын білдіріп,  мұндай басқосулардың берер тағылымы мол екенін мәлімдеді.

Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы