Жаңалықтар

Түркі әлемі балалары Әзербайжанда бас қосты

726

Әзербайжан Республикасының Гянджа қаласында Түркі әлемі дәстүрлі балалар ойындарының төртінші фестивалі болып өтті.

Әзербайжанның Мәдениет және Туризм министрлігі мен Юнус Емре институтының Баку бөлімшесі ұйымдастырған шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан мен Түркиядан келген 64 бала қатысты.

Фестивальдің ашылу салтанатында балалар өздерінің ұлттық мәдениетін танытып, мерекелік концерт қойды. Жалпы, балалар тоғыз құмалақ, асық, бес тас сияқты 6 ұлттық спорт түрінен сайысқа түсті.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның мақсаты - түркі халықтары мәдени мұрасының ажырамас бір бөлігі саналатын дәстүрлі балалар ойындарын насихаттау, сол арқылы бауырлас мемлекеттерде тұратын балаларды ынтымақ пен достыққа баулу.

Айта кету керек, ең алғаш Алматыда басталған Түркі әлемі дәстүрлі балалар ойындарының фестивалі кейін Астана мен Түркияның Ескішехир қалаларында өткен болатын.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы