Жаңалықтар
Әзербайжанда Қызылорда облысының мәдениет күндері өтуде

Әзербайжанда Қазақстан Республикасы Қызылорда облысының мәдениет күндері өтіп жатыр.
Бұл шара Әзербайжан мен Қазақстанның дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған.
Бакудегі Әзербайжан мемлекеттік музыкалық театрында өткен салтанатты кештің ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Әзербайжанның Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Адалят Велиев екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып жатқанын, әсіресе мәдени саладағы қарым-қатынастың жоғары дейгейде екенін айтты. Сонымен бірге Әзербайжанда алғаш рет ұйымдастырылған Қызылорда облысының мәдениет күндері өнерпаздардың өзара шығармашылық тәжірибе алмасуына оңтайлы мүмкіндік екенін де айтып өтті.
Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Исабаев та өз сөзінде 4 күнге жалғасатын мәдениет мерекесі Баку мен Шеки тұрғындарын қазақ елінің бай дәстүрлі мұрасымен жақырынақ таныстырып қана қоймай, бауырлас екі ел арасындағы гуманитарлық байланысты нығайтуға үлес қосатынына үміт білдірді.
Қызылорда облыстық филармониясының өнерпаздары ұсынған концерттік бағдарламаны Баку халқы зор қошеметпен, ерекше ықыласпен тамашалады.
Ал бүгін Сыр елінің өнер майталмандары Шеки қаласында ән мен жырдан шашу шашып, ертең әзербайжан драматургінің комедиялық қойылымын сахналайды.
Оқырмандарға

Құрметті, достар!
Түркі академиясы халықаралық ұйымының ресми порталына қош келдіңіздер!
Биография /
Барлығы
