Жаңалықтар

Академия ұйымдастырған халықаралық экспедиция мүшелері Астанадан Ұлытауға бет алды

1226

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі бастаған бір топ делегация «Кентайдан Ұлытауға дейін: тарихи жадының жаңғыруы» атты кезекті ІІІ халықаралық экспедицияның екінші кезеңін бастап, Астанадан Қарағанды облысының Жезқазған, Ұлытау өңірлеріне аттанды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында 2017 жылдың 15-ші тамызында Моңғолияның Кентай аймағынан бастау алған экспедиция алдағы 2 күнде Қазақстандағы тарихи қастерлі жерлерді басып өтеді. Атап айтқанда, экспедиция мүшелері Ұлытаудағы Алаша хан мен Жошы хан кесенелеріне, сондай-ақ Домбауыл кешеніне барады. Бұдан бөлек, Жезқазған өңірінің зиялы қауым өкілдерімен кездесулер жоспарланған.

Халықаралық экспедиция құрамында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Түркия, Башқұртстан мен Дағыстаннан келген мемлекет және қоғам қайраткерлері, тарихшы ғалымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен журналистер бар.

Экспедиция аясында Ұлытау өңірінің тарихи маңызы мен мемлекеттіліктің дәстүрлі сабақтастығы, сондай-ақ Түркі әлемі мен еуразиялық дала өркениетінің өзекті мәселелері талқыланады деп күтіледі.

Айта кету керек, TWESCO осы және алдыңғы жылдары жүргізген халықаралық экспедициялардың қорытындысын 18-ші қыркүйек күні Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада ұйымдастырылатын арнайы жиында көпшілікке ұсынады.

** Экспедиция қатысушыларының әлеуметтік желілердегі жазбаларын #TWESCO, #KentayUlytau және #TwescoExpedition хэштегтері арқылы оқи аласыздар.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты