Жаңалықтар

«Керулен экспедициясы» түркі тарихына қатысты сенсациялық жаңалықты жариялады

617

TWESCO-ның Керулен алқабындағы археологиялық экспедициясы түркі тарихына сенсациялық жаңалықты жария етті. Бұл туралы Ұланбатыр қаласында өткен баспасөз мәслихатында Моңғолия ұлттық музейінің директоры Д.Сүхбаатар мәлімдеді, деп хабарлайдыҚазАқпарат.  Ұлттық музей  дирпекторы Керулен өзені бойындағы қағандар өмір сүрген алқаптың түркі тарихына тікелей қатысы бар екендігін атап өткен.


Бұдан бұрын да хабарланғандай TWESCO мен Моңғолия Ұлттық музейі Керулен өзені алқабында археологиялық қазба жұмыстарын бастаған болатын. Академия тарапынан «Керулен экспедициясы» деген атау берілген ғылыми ұжым Моңғолияның Хэнтий аймағы Дэлгэрхаан сұмыны жеріндегі түркі дәуіріне жататын «Хаяхудаг» және «Гүнбүрд» кешендеріне қазба жұмыстарын жүргізуде. Бұл өлкенің түркі дәуіріне тиеселі қабаттары анықталмаған болатын. Алайда, биылғы экспедиция нәтижесінде бұған дейін түркілердің табаны тимеген деп келінген Моңғолияның солтүстік-шығыс тарапындағы киелі Керулен-Кентей аймағының ғұн-көк түріктер дәуірінде батыр бабаларымыздың құтты қонысы болғандығы айқындалды. Моңғолия ұлттық музейінің диекторы, тарих ғылымдарының докторы Дагваадоржийн Сүхбаатар баспасөз мәслихатында: «Керулен» жобасы музей мен Халықаралық Түркі академиясының бірлескен кешенді ғылыми бағдарламасы. Олай болатыны ұлы қағандардың алтын бесігі Хэнтай аймағы Керулен алқабындағы түркі дәуірі ескерткіштеріне бұрын-соңды археологиялық қазба жұмыстары жүргізіле қоймаған тың өңір. Биылғы жылы археололгиялық қазба жүргізілген, шамамен 6-8 ғасырға тиеселі делінген көне түркі ғұрыптық кешен әуелі ғылымға мүлде белгісіз болып келген. 30 шаршы метр аумақты құрайтын көне кешен ұзақ ғасырлар барысында топыраққа басылып, қымталып қалған. Осы кешенді Халықаралық Түркі академиясымен бірлесіп зерттеуді қолға алып, түркі дәуірінің жәдігерін байытатын олжаларға тап болдық»,-деді.


Ғалымдардың айтуынша «Хаяахудаг» кешенінің сырты төрткүл топырақ қорғанмен қоршалып, оның іші тереңдігі 2 метр, ені 1 метр ормен айнала төңіректен оқшауланыпты. Осы ордың ішінен 2 метр 20 см тереңдіктен түбі бүтін қыш құмыра, адам бейнелденген 2 тас мүсін және тағы басқа жәдігерлер табылды. Бұл кешенде ағаш тақтаймен шатырланған, бөренеден жасалған ғибадатхана бар екені зерттеу барысында анықталып отыр. Археологиялық зерттеудің нәтижелерімен бөліскен Моңғолия Ұлттық музейінің ғылыми қызметкері, археолог Чинболд Баяндэлгэр: «Хаяахудаг» көне түркі кешені әйгілі Керулен дариясының солтүстігінде ұлы хандарды таққа көтерген қасиетті алқапта орналасқан. 2017 жылы Түркі академиясы мен музей «Бұрхан Халдуннан Ұлытауға дейін: тарихи жадының жаңғыруы» деген экспедиция жасап, ғалымдарымыз Жошы күмбезіне де зиярат жасады. Биыл, міне, ғұрыптық кешеннен олжалы оралдық. Бұл жәдігерлер көне түркі тарихи мұраларын толықтыра түсетін қымбат қазына. Ер азамат мүсіні бүркіт қабақты, қыр мұрынды, салалы сақалы бар жауынгер көсем, ал әйел басына көшпелілердің шошақ бөркін киген түркі аруы. Жалпы кешендерден әйел адам мүсіні аз табылады, сол себептен де бұл аса сирек кездесетін бағалы жәдігер болды»,-деді. «Хаяахудаг» кешеніндегі орда жылқылар мен құрбандыққа шалынған мал сүйектері мол кездеседі. Аттардың сүйектеріне қарап ғалымдар әдеттегі жылқыдан ірі, ұзақ мерзім міністе болған, жорыққа қатысқан арғымақтар екенін болжап отыр. Ч.Баяндэлгэрдің айтуына қарағанда түркілер мұндағы ғұрыптық кешендерде де Тәңіріге арнап құрбандық шалып, әруақтарға тағызым жасаған. Ал, Керулен өзені алқабындағы түркі ескерткіштері түркі тарихына қатысты қатысты мұралардың қатарын тың деректермен толықтырып, Солтүстік шығыс Моңғолияның да көне түркілердің мекені болғандығына дәлел болып отыр. Моңғолиядағы археологиялық экспедиция жұмысының нәтижесіне байланысты TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлі ашылған жаңалықтың түркі тарихына түрен салар, ортақ тарих үшін олжа болған дүние екендігін айтты. «Тамызыдң басында академияның аранйы делегациясы археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан өңірде болғанбыз. Керулен алқабы мен Кентай өңірінің түркі тарихында да айырықша орны бар екендігі байқалып тұр. Біз қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан аймақта түркі дәуіріне тән көптеген ескерткіштің ізін байқауға болады. Ал табылған жәдігерлерге келсек, олар шынымен де үлкен жаңалық»,-деді. Ғалымның сөзіне қарағанда Керулен алқабы түркі тарихы үшін жаңа тарихи парақша болуы мүмкін.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Рашид Абдуллович Аганин
Түркітанушы-лингвист, филология ғылымдарының кандидаты.