Жаңалықтар

Халықаралық экспедиция Ұлытауда жалғасты (Фото)

1256

Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) ұйытқы болған «Кентайдан Ұлытауға дейін: тарихи жадының жаңғыруы» атты ІІІ халықаралық экспедиция межелі мекен - Ұлытау өңірінде жалғасуда.


Бүгін Академия басшысы Дархан Қыдырәлі бастаған делегация Жезқазғаннан Ұлытауға аттанып, Орталық Қазақстандағы ең көне ескерткіштердің бірі Домбауыл кешенімен танысты. 



Моңғолияның Кентай аймағында басталған экспедиция мүшелері кейін орта ғасырлардың еңселі ескерткіштері – Алаша хан мен Жошы ханның кесенелеріне барды.



Бұдан бөлек, экспедицияға қатысушылар сапар аясында Сәтпаев қаласына аялдап, көрнекті геолог-ғалым, академик Қаныш Сәтпаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.



Алдын хабарлағанымыздай, экспедиция құрамында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Түркия, Башқұртстан мен Дағыстаннан келген мемлекет және қоғам қайраткерлері, тарихшы ғалымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен журналистер бар.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы