Жаңалықтар

Халықаралық Түркі Академиясында (TWESCO) Түркі кеңесі елдері Стратегиялық зерттеу орталықтарының жетекшілері бас қосты

220

 Басқосу 26 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Жиынға Халықаралық Түркі Академиясының президенті Дархан Қыдырәлі,   ANKASAM стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Эрол Сейфеттин, Әзербайжан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Сараптама және стратегиялық зерттеулер басқармасының басшысы Гусейн Гусейнов, Халықаралық қатынастарды сараптау орталығының басқарма төрағасы Фарид Шафиев және Қырғыз Республикасы Ғылым Академиясы әлеуметтік зерттеулер орталығының ғылыми хатшысы Қайратбек Джамангулов арнайы келді.  


Сондай-ақ жиынға ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шаукенова, «Қоғамдық пікір» Институтының директоры Ботагөз Рақышева, және ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Санат Көшкінбаев қатысты.       


   Кездесуде Түркі кеңесіне мүше елдердің стратегиялық ғылыми-зерттеу орталықтары арасындағы әріптестік мәселелері талқыланды. Сондай-ақ зерттеу орталықтарының жетекшілері “GLOBAL-Turk” журналын ғылыми әріптестіктің ортақ платформасы ретінде пайдалану және халықаралық «Түркбарометр» әлеуметтік зерттеу жобасын ары қарай дамыту жайын кеңесті.                


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты