Жаңалықтар

Елбасы мақаласын Моңғолия газеттері жариялады

1052

Қазақстан Республикасының Президенті   Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы әлемнің ондаған тіліне аударылған болатын. Жақында Моңғолияның «Open door» газетіне мақаланың толық мәтіні жарияланды.


TWESCO сайтында жарияланған мақаланың моңғол тіліндегі нұсқасын бұдан бұрын да бірқатар моңғолиялық масс-медиа көшіріп басқан болатын. Атап айтқанда, mongolcom.mn сайты мен «Моңғол заманы» газеті мақала мәтінін жариялаған еді. Одан бөлек, Елбасы мақаласына қатысты моңғол зиялылары өз пікірлерін де білдіріп жатыр. Көшпенділердің ортақ құндылықтары мен   мұрасын зерттеуге бұл идеяның серпін мен сенім беретінін Моңғолияның Ұлттық музейінің директоры, тарих ғылымдарының докторы Д.Сүхбаатар мырза «Көшпенділер өркениетінің көкжиегін кеңейткен» деген мақаласында атап өткен еді. Одан бөлек әлеуметтік желілерде мақалаға қатысты пікір білдірушілер қарасы да мол болды. Бір ғана фейсбук әлеуметтік желісі арқылы мақаланың моңғол тіліндегі мәтіні 35 мәрте   бөлісілген.


«Open door/ Нээлттэй хаалга» газетінің 7 желтоқсанда жарық көрген №48 санында мақалаға редакцияның арнайы түсіндірмесі де қоса беріліпті. Онда «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бұл көлемді мақаласы оның өткен жылы жазған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жалғасы іспетті. Ежелгі заманнан көршілес өмір сүріп, тарихы, тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі ортақ желілес болған Қазақ елі президентінің бұл терең мағыналы мақаласын қалың оқырман қауымның назарына ұсынамыз» делінген.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы