Жаңалықтар

ЭКСПО 2017: Түркия Ұлттық күні өтуде

1311

Бүгін «Астана ЭКСПО 2017» халықаралық көрмесі аясында Түркия ұлттық күні аталып өтуде.

Түркия ұлттық күнінің салтанатты рәсімін Қазақстан Республикасының экономика министрі Тимур Сүлейменов пен Түркия Республикасының экономика министрі Нихат Зейбекджи құттықтау сөздерімен ашты.



Салтанатты шараға шақырылған құрметті қонақтар арасында Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі де болды. Сонымен қатар, мерекелік жиынға Қазақстан, Түркия және өзге де шет елдердің мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломатиялық миссия өкілдері мен журналистер қатысты.


Түркия Ұлттық күні шеңберінде Анадолыдан келген танымал өнерпаздар мен театр және кино актерлері көрме қонақтарына өз өнерлерін ұсынып, түрік елінің бай мәдениеті мен дәстүрін паш етуде. Бұдан бөлек, Түркия павильонына келушілер түрік қолөнер шеберлерінің туындыларымен танысып, осы күнге орай дайындалған сыйлықтарға ие болды. Түрік дәмді тағамдарынан ауыз тиді.


Айта кету керек, «Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған халықаралық мамандандарылған «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінде Түркия шамамен 1000 м²-лік алаңда орналасқан павильонын ұсынды. Ал, 2017 жылғы 10 маусым күні басталып, әлемнің 115 елі мен 22 халықаралық ұйымның қатысуымен өтіп жатқан ЭКСПО қыркүйек айының онына дейін жалғасады. 


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы