Жаңалықтар

Астанада II Гуманитарлық ғылымдар форумы өтеді

2313

Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) Сізді көрнекті ғалымдар мен танымал зерттеушілер, сондай-ақ халықаралық ұйым өкілдері қатысатын, 2017 жылғы 26-шы мамыр күні Астанада өтеді деп жоспарланған ІІ Гуманитарлық ғылымдар форумына қатысуға шақырады.

Форум мақсаты: Адамзат өркениетінің дамуындағы Түркі әлемінің орны мен мәдени құндылықтарын талдап талқылау. Әлемде танымал мамандар арасында байланысты нығайту және пікір алмасу, жаһандық және аймақтық маңызға ие өзекті мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар жасау. 

Форум жұмысының бағыттары: 

·        Тарих, археология және этнография 

·        Фольклор, әдебиет және өнер 

·        Тіл және терминология 

·        Әлеуметтану, саясаттану және экономика 

Жұмыс тілдері: ағылшын, түрік, қазақ, орыс тілдері 

Форумға қатысу сипаты

- тікелей (жарияланым және баяндама жасау) 

- сырттай (жарияланым) 

Форумға қатысу үшін:·     

   2017 жылдың 15 сәуіріне дейінгі мерзімде ұйымдастыру комитетінің электрондық мекен-жайына қатысу сипаты көрсетілген тіркеу өтінімін жолдау қажет.

   2017 жылдың 15 сәуіріне дейінгі мерзімде ұйымдастыру комитетінің электрондық мекен-жайына қатысу сипаты көрсетілген тіркеу өтінімін, сондай-ақ баяндама тезистерін немесе жарияланым үшін мақала жіберу керек. 

Мақалалар жарияланымы

      Ұйымдастыру комитеті таңдап алған мақалалар ғылыми жинақта жарияланады. Мақалалар автор редакциясында жарияланады. Ұйымдастыру комитеті тақырыпқа сай келмейтін немесе қойылған талаптар сақталмаған материалды техникалық редакциялау мен кері қайтару құқығын өзіне қалдырады.

    Форумға қатысуға байланысты барлық шығындар (жол, қонақ үй, тамақтану) қатысушылар есебінен.

Ұйымдастырушы: Халықаралық Түркі академиясы.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Астана қ., Тәуелсіздік даңғ., 57, Бейбітшілік және келісім сарайы

Анықтама үшін телефондар: +7 (7172) 74-46-85; 57-49-82

E-mail: forum@twesco.org
Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты