Жаңалықтар

«Ontustik Tourism Invest 2017» халықаралық туристік форумы

618

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігімен бірлесе 2017 жылдың 14-16 қарашасында Шымкент қаласында «Ontustik Tourism. Invest-2017» халықаралық туристік инвестициялық форум өткізеді.

Форум аясында туристік өнімдердің таныстырылымы және Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан көрікті жерлердің фотокөрмесі өтеді, сонымен қоса  «Silk Road Fair» жәрмеңкесі мен қонақтарға арналған ақпараттық турлар болады.

Форум жұмысына Қытайдың Мемлекеттік туризм басқармасы, Қазақстан Республикасының туризм саласының және алыс-жақын шетел туризм индустриясының өкілдері, мемлекеттік органдар, қазақстандық және халықаралық іскерлік қауымдастық өкілдері, кәсіподақтар, туристік ұйымдар, ассоциациялар мен инвестициялық компаниялар қатысады.

Форумның мақсаты - тиімді іскерлік кездесулерді ұйымдастыру, Ұлы Жібек жолында туризм индустриясын дамытудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу, B2B - кездесулері, сондай-ақ Жібек жолы бойындағы туристік өнімдерді дамыту, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру және инвесторларды тарту. 

 

Ұйымдастырушылармен байланыс:

Тел.: +7 7252 56 09 23, +7 7252 56 09 30

e-mail: Ontustikforum@gmail.com

www.ontustiktravel.kz 


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук