Жаңалықтар

«Енді ешқашан: Ашаршылық, Холокост, Камбоджа, Қожалы, Руанда»

2773

Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі Түркі мәдениеті мен мұрасы қорымен бірлесіп Астанада «Енді ешқашан: Ашаршылық, Холокост, Камбоджа, Қожалы, Руанда» тақырыбында фото-көрме ұйымдастырды.

Аталған шара Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO), ҚР Білім және Ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институты мен Израильдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен өтті.

Әзербайжан елшілігінде өткен жиында Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері мен мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.


Көрменің ашылу салтанатында Әзербайжанның Қазақстандағы елшісі Рашад Маммадов, Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Гүнай Ефендиева, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Амангелді Қашқымбаев пен Астана қаласының бас раввині Шмуэль Карнаух сөз сөйлеп, адамзат тарихындағы жантүршігерлік жағдайлардың енді қайталанбауын тіледі.


Көрмеде жоғарыда аталған қанды оқиғалардың тарихи сирек фотолары ұсынылып, Қожалы геноцидіне арналған әннің тұсауы кесілді. 



Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы