Жаңалықтар

Түркі кеңесінің Бас хатшысы Астанаға келді

360

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы, «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі Астанада Түркі кеңесінің бас хатшысы Рамиль Гасановпен кездесті.

Келелі кездесуге сонымен бірге Түркі кеңесі бас хатшысының орынбасары Абзал Сапарбекұлы қатысты.

03-04-in1.jpg

TWESCO басшысы Ыстамбұдан келген меймандарға Академияның соңғы жобалары мен келешек жоспарлары жөнінде әңгімеледі. Мамыр айында Астанада өтетін ІІ гуманитарлық ғылымдар форумына дайындық барысымен таныстырып, 20-ға жуық мемлекеттің ғалымдары қатысуға өтініш білдірген халықаралық шара жұмысына қонақ болуға шақырды.

Сонымен қатар екіжақты кездесуде Д.Қыдырәлі Қазақстанның бас газетінің бүгінгі келбетімен, жаңа жобаларымен таныстырды.

03-04-in2.jpg

TWESCO жұмысына ұдайы қолдау көрсететін Р.Гасанов өз кезегінде Түркі кеңесі мен Түркі академиясы арасында орнаған тығыз қарым-қатынас келешекте де дами беретінін айтып, алдағы жобаларға сәттілік тіледі.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы