Жаңалықтар

Академия басшысы Мажарстанның офицерлік крест орденімен марапатталды

385

Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Мажарстан Президентінің №321/2017 (VIII.22) марапат табыс ету туралы жарлығына сәйкес Мажарстанның офицерлік крест орденімен марапатталды.

Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігінің хабарламасында айтылғандай, бұл орден Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы ғылыми және мәдени қарым-қатынастарды нығайтуға, сондай-ақ танымал түркітанушы Иштван Қоңыр Мандокидің құнды еңбегін сақтауға қосқан үлесі үшін Мажарстан Премьер-министрінің ұсынуымен тағайындалған.

Мажарстанға сіңірген елеулі еңбегі үшін тапсырылатын аталған орден Венгрияның ең жоғары марапаттарының бірі саналады.

Айта кетерлігі, TWESCO мен Мажарстанның ғылыми ұйымдары арасында тығыз қарым-қатынас орнап, бүгінде бірқатар ортақ жобалар жүзеге асырылды. Бұдан бөлек, маусым айында Академияға арнайы келген Венгрияның Сыртқы сауда және Сыртқы істер министрі Петер Сийярто мырза Мажарстанның Академияға толық құқылы бақылаушы мәртебесін алу үшін ресми өтінім берген болатын.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук