Жаңалықтар

Анкарада Академия басшысы бірнеше кездесу өткізді

1754

Түркияда жұмыс сапарымен жүрген Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Анкарада бірқатар маңызды кездесулер өткізді.

Атап айтқанда, Ататүрік атындағы мәдениет, тіл және тарих Жоғары құрылымының басшысы Дерия Өрс мырзамен, Түркия Сыртқы істер министрлігі Мәдениет дипломатиясы комитетінің төрайымы Айшегүл Гөкчен Қарааслан ханыммен және Түркия тарих құрылымының төрағасы Рефик Туран мырзамен екіжақты кездесулер болды.

Алқалы басқосуларда тараптар арадағы қарым-қатынастарды нығайтып, бірлескен ғылыми жобалар жүргізу туралы пікір алмасты.

TWESCO басшысы жоғары лауазымды тұлғаларды Астанада екінші рет ұйымдастырылатын гуманитарлық ғылымдар форумына шақырды. Ұйымның келешек жоспарларымен таныстырды.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Рашид Абдуллович Аганин
Түркітанушы-лингвист, филология ғылымдарының кандидаты.