Жаңалықтар

Академия басшысы Қазақстан Сыртқы істер министрімен кездесті

496

Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Астана қаласында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен кездесті.

Екіжақты кездесуде Д.Қыдырәлі Академияның жүзеге асырып жатқан іргелі жобалары мен келешек жоспарлары жөнінде хабардар етті. Оның ішінде, осы тамыз айында Моңғолияда басталған «Кентайдан Ұлытауға дейін: тарихи жадының жаңғыруы» атты ІІІ халықаралық экспедиция туралы әңгімелеп берді. Атап айтқанда, Қазақстан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көтерілген қастерлі жерлер мен тарихи сананы жаңғыртуды мақсат тұтатын экспедицияның маршруты мен ғылыми құндылығы жөнінде кеңінен баяндады.

Өз кезегінде TWESCO қызметін жоғары бағалаған министр Қ.Әбдірахманов Академия басшысын «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапаттады. 


Бұдан бөлек, министр Д.Қыдырәліге «Қазақстанның сыртқы саяси бағытын жүзеге асыруға қосқан үлесі және кәсіби мереке – Дипломатиялық қызмет күніне орай» ҚР СІМ Құрмет грамотасын табыстады.


Кездесу соңында министр Халықаралық Түркі академиясының бастамаларына қолдау көрсететінін білдіріп, келешек жобаларына сәттілік тіледі. 


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук