Жаңалықтар

Академия басшысы Жапония Ғылым академиясының президентімен кездесті

795

Бүгін Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Токиода Жапония Ғылым академиясының президенті Хироши Шионо мырзамен кездесті.

Академия делегациясының Жапонияға жұмыс сапары аясында ұйымдастырылған екіжақты кездесуде Д.Қыдырәлі ұйым жөнінде жан-жақты мағлұмат берді. Оның ішінде Академияның мақсат-миссиясы, халықаралық байланыстары мен ғылыми жобалары жөнінде әңгімеледі. Сондай-ақ, ол Түркі академиясы дайындаған ғылыми еңбектермен таныстыра келе, ұйым басып шығарған ағылшын тіліндегі құнды кітаптарды сыйға тартты.

Өз кезегінде Хироши Шионо мырза TWESCO-ға зор қызығушылық танытып, қызметін жоғары бағалады. Өзі басқаратын академияның тыныс-тіршілігімен жете таныстырды.

Достық шырайда өткен кездесуде тараптар екі іргелі ғылым ордасы арасында өзара ынтымақтастық орнатып, бірлескен жобалар жүргізу мүмкіндіктерін қарастырды.


Айта кету керек, әлемдегі белді ғылыми ұйымдардың бірі саналатын Жапония Ғылым академиясы Лондон корольдік қоғамының үлгісі бойынша Мэйдзи императоры тұсында, 1879 жылы құрылған. Содан бері үздіксіз әрі нәтижелі жұмыс жасап келе жатқан Академия бүгінде Жапонияның Білім, мәдениет, спорт, ғылым және технологиялар министрлігіне қарайды. 


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук