Жаңалықтар

Қазақстан Президенті Өзбекстан Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

2319

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевке Ақтөбе облысында жолаушылар автобусының өртенуі салдарынан Өзбекстан азаматтарының қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

«Орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіріп, Қазақстан халқы және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қолдауым мен ниеттестігімді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін»,-делінген жеделхатта.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Рашид Абдуллович Аганин
Түркітанушы-лингвист, филология ғылымдарының кандидаты.