Жаңалықтар

TWESCO басшысы мерейтой иесін марапаттады

622

Алматыда Халықаралық Түркі академиясы мен Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бірлесе ұйымдастырған «Рухани жаңғыру және түркі әлемі тарихының мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды. Аталған конференцияға TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлі қатысып құттықтау сөз сөйледі.

Конференция Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері Әлімғазы Дәулетханның 75 жасқа толған мерейтойына арналып отыр. Шара барысында түркі әлемі ғылымының дамуы мен тарихи ынтымақтастықтың зерделенуіне қосқан үлесі үшін TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлі ғалымды Академияның күміс медалімен марапаттап, иығына шапан жапты.

Конференцияда «Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстанның этносаяси   мәселелері», «Түркі халықтарының мәдени тарихы», «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы   отандық тарихтың өзекті мәселелері» атты бағыттарда ғылыми баяндамалар мен ғылыми талқылаулар ұйымдастырылып, Әлімғазы Дәулетханның бірқатар еңбектерінің таныстырылымы өтті. Аталған еңбектердің қатарында Түркі академиясы басып шығарған Бахаддин Өгелдің «Ұлы Хұн империясының» тарихы атты кітап та бар. Екі томдық еңбекті қазақ тіліне Әлімғазы Дәулетхан аударған   болатын.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы