Жаңалықтар

TWESCO басшысы «Парасат» орденімен марапатталды

378

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) президенті Дархан Қыдырәлі «Парасат» орденімен марапатталды.



Академия басшысына орденді Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова табыс етті. 1993 жылы Қазақстан Президентінің жарлығымен тағайындалған «Парасат» ордені ғылым, мәдениет пен әдебиет, өнер қайраткерлеріне, сондай-ақ республиканың рухани және интелектуалдық әлуетін дамыту мен молайтуға зор үлес қосқан немесе адам құқықтарын және оның әлеуметтік мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызмет атқарған азаматтарға берілетін жоғары награда.


Сонымен қатар, мейрам қарсаңында TWESCO басшысына ТүркПА-ның құрылғанына 10 жыл толуына орай шығарылған «Алтын медаль» та тапсырылды. Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік ассамблеясының марапатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісің төрағасы Нұрлан Нығматуллин тапсырды.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы