Жаңалықтар

TWESCO президенті Өзбекстанда халықаралық конференцияға қатысты

424

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинетінің шақыртуымен Самарқан қаласында басталған «Әлемдік өркениет тарихындағы Ортаазиялық ренессанс» атты халықаралық конференцияға қатысып, арнайы баяндама жасады.

Алқалы шараға Өзбекстан жоғары билік өкілдерімен қатар UNESCO, OIC, ISESCO, IRCICA сынды халықаралық ұйым басшылары, дипломаттар, әлемге әйгілі музейлер мен ғылыми ұйымдардың жетекшілері және көрнекті ғалымдар қатысты.

Конференцияның ашылу салтанатынан кейін ISESCO Бас директоры Әбдел Әзиз Ат-Туэджри мен Өзбекстан Ұлттық Ғылым академиясының президенті Бехзад Юлдашевтің модераторлығымен негізгі пленарлы отырыс өтті. Бұдан кейін әлемнің 27 мемлекетінен жиналған 100-ден астам ғалымдар ғалымдар ғылыми жиынды 4 секциялық отырыста жалғастырды.

Конференцияны өткізудегі негізгі мақсат: Орта Азиядағы IX-XV ғасырлардағы ғылым, мәдениет, өнер және сәулет салаларындағы қайта өрлеудің ерекшеліктерін зерделеп, сонымен бірге ренессанстың Ұлы Жібек жолының экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесін таразылау.

Бұл ретте қатысушылар өз баяндамаларында Мұхаммед әл-Хорезми, Ахмад әл-Ферғани, Әбу Райхан әл-Бируни, Ибн Сина, Мырза Ұлықбек, Имам әл-Бухари және Әлішер Науаи секілді шығыстың ұлы ойшылдары мен ғалымдарының еңбектеріне көп көңіл бөлуге тырысқан.

Ұйымдастырушылар бұл халықаралық конференция шетелдік ғалымдардың өзара пікір алмасып, байланыс орнатуына, сонымен бірге орта ғасырдағы Орталық Азия мұраларын бірлесіп зерттейтін халықаралық ғылыми ұйымдардың құрылуына септігін тигізетін алаң болатынынан үмітті.  


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук