Жаңалықтар

ТҮРКІ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ЮНЕСКО ӘЛЕМДІК МҰРА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

205

30 сәуір 2018 ж. Халықаралық Түркі академиясы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде (Париж) Ресей, АҚШ, Қытай, Германия, Франция, Швеция, Польша, Түркия, Моңғолия тәрізді әлемнің 20-дан астам мемлекетінен келген ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, саясаткерлер мен дипломаттар, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйым басшылары мен өкілдері қатысқан «Рухани жаңғыру және мәдени мұра: қадымнан болашаққа түркі тілі» атты халықаралық форум өткізді.

Академия басшысы Дархан Қыдырәлі форум шеңберінде ЮНЕСКО Әлемдік мұра орталығының директоры Мехтильд Рёсслер ханыммен кездесті. Д. Қыдырәлі кездесу барысында Академияның жұмыстары мен жетістіктері жайлы мәлімет берді. М. Рёсслер өз кезегінде Академияның дүниежүзі халықтарының мәдени мұрасының сақталуына қосқан үлесіне жоғары баға берді.

Рёсслер ханым Қазақстанның жоғары жетістіктеріне ықылас танытып, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың халықаралық бастамаларына назар аударды. М.Рёсслер ЮНЕСКО-ға бақылаушы статусын алу өтінімі болған жағдайда Түркі академиясына қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Келіссөздер нәтижесінде Халықаралық Түркі академиясы мен ЮНЕСКО арасында ынтымақтастық меморандумын дайындау және қол қою, сонымен қатар Академияның ЮНЕСКО-ға бақылаушы статусын алуға байланысты келісімге келінді.



Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы