Жаңалықтар

Әзербайжан мен Қырғызстан президенттері құттықтау алмасты

1300

Әзербайжан мен Қырғызстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғанына 25 жыл толуына орай екі мемлекеттің басшылары бір-біріне құттықтау жолдады, деп хабарлайды Қырғыз Республикасы президенті аппаратының ақпараттық саясат бөлімі.

С. Жээнбеков Әзербайжан басшысына зор денсаулық, бақыт, береке және мемлекеттік қызметте үлкен жетістіктер, ал бауырлас әзербайжан халқына бейбітшілік пен өсіп-өркендеу тілейді.

Өз кезегінде, И.Әлиев екі мемлекеттің қарым-қатынасы ортақ рухани және мәдени құндылықтарға негізделгенін атап өткен.

Әлиев жеделхатында Жээнбековке денсаулық, бақыт, қызметінде табыс және туыс қырғыз халқына бейбіт өмір мен өркендеу тілеген.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Рашид Абдуллович Аганин
Түркітанушы-лингвист, филология ғылымдарының кандидаты.