Жаңалықтар

Астанада халықаралық «Ұлы дала» ІІ гуманитарлық ғылымдар форумы өтті

1208

Бүгін Астанада Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) ұйымдастырған «Ұлы дала» ІІ гуманитарлық ғылымдар форумы өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына арналған Форумның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мен БҰҰ, ЮНЕСКО, ИСЕСКО, ECO Science Foundation, Түркі кеңесі, ТҮРКСОЙ, ТүркПА сынды халықаралық ұйым басшылары мен өкілдері қатысты. Сонымен бірге дипломаттар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, іргелі зерттеу орталықтарының басшылары, көрнекті ғалым-зерттеушілер қатысқан алқалы жиынды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова құттықтау сөзімен ашып, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың форум жұмысына сәттілік тілеген арнайы Құттықтау хатын оқып берді.  

МХ.JPG 

АҚШ, Венгрия, Германия, Қытай, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Үндістан, Ресей мен түркі мемлекеттерінен келген 300-ге жуық ғалым-зерттеушілер мен сарапшылар 6 панельді отырыста мазмұнды баяндамалар жасап, Елбасы мақаласында көтерілген міндеттер мен тақырыптар төңірегінде пайымды пікірлерін ортаға салды.

guests.JPG

«Рухани жаңғыру жолында», «Ғылым киесі: ғылыми интеграция және ортақ құндылықтар», «Тарихи жады және болашаққа көзқарас», «Түркі әдеби дәстүрі және қазіргі кезең», «Түркі тілдері: зерттеу, қорғау және дәріптеу», «Әлем өркениетіндегі Түркі мәдени мұрасы» атты алты секцияда ғылымды дамыту мәселелері, қазақ тілінің латын әліппесіне көшуі, киелі жерлер мен қастерлі мекендерге арналған «Туған жер» бағдарламасы сынды мәселелер талқыланып, сындарлы пікірлер айтылды.

P1.JPG

P2.JPG

Сонымен бірге, биылғы форум аясында TWESCO Түркі әлемі ғылымына сіңірген ерен еңбегі мен бауырлас халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, академик Мырзатай Жолдасбекұлы Жолдасбековті, сондай-ақ биыл 90 жасқа толған танымал ғалым, Татарстан Республикасының қоғам қайраткері, академик Мирфатых Закиевич Закиевті алтын медальдармен марапаттады.

MJ1.JPG

MJ2.JPG

MZM.JPG

Бұдан бөлек, шара барысында TWESCO соңғы жылдары шығарған кітаптардың көрмесін ұйымдастырды.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты