Жаңалықтар

ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды

170

Қырғызстандағы Ыстық көл жағасындағы Бактуу-Долонту елдімекеніндегі ипподормда Үшінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған, Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан, Татарстан Президенті Рустам Минниханов және   өзге де лауазымды тұлғалар қатысты.


                Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Еуразия құрлығын мекендеген көшпенді халықтардың ұлттық спорт түрлерін негізге алған шара. Көшпенділер ойынын өткізу туралы бастаманы Қырғызстан 2012 жылы көтеріп, алғашқы шара 2014 жылы өткен болатын. Келесісі 2016 жылы ұйымдастырылды.

         Биылғы шараға әлемнің 80 мемлекетінен 2 мыңнан астам спортшы келіп, 37 спорт түрі бойынша бақ сынап жатыр. Спорттық жарыстардан ақпарат тарату үшін ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 58 мемлекеттен 500 ден астам масс-медиа өкілдері келіпті.



Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты