Жаңалықтар

ISESCO Сауд Арабиясы Корольдігінің марапатына экология тақырыбында байқау жариялайды

2146

Сауд Арабиясы Корольдігінің Метеорология және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Бас органының қолдауымен Исламдық білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ISESCO) Сауд Арабиясы Патшалығының Ислам әлемі экологиялық басқару жөніндегі марапатына өтінім қабылдау басталғанын мәлімдеді.

Бұл байқау 2015 жылы қазан айында Рабат қаласындағы ISESCO штаб-пәтерінде өткен Қоршаған ортаны қорғау министрлерінің 6-шы Ислам конференциясы ұсынысы бойынша ұйымдастырылып отыр.

Марапаттың мақсаты: Ислам әлеміндегі экологиялық менеджменттің кең тұжырымдамасын біріктіру; тұрақты даму концепциясына қызығушылық ынталандыру; экологиялық менеджмент саласына табысты тәжірибелерді енгізу және ISESCO-ға мүше мүше мемлекеттерде сол ғылыми жаңалықтарды пайдалану. Сондай-ақ, Марапат халықаралық бірлескен экологиялық іс-шараларды арттыру және ортақ проблемалар жөнінде хабардар ету, әрі ұйымдар мен жеке тұлғаларды Ислам әлемі және жалпы адамзат үшін таза экологиялық болашақ қалыптастыруға ынталандыру ниетімен тағайындалған.

Жеңімпазға табыс етілер Марапат - $280 000 (екі жүз сексен мың) АҚШ доллары.

Байқау төрт бағытты қамтиды:

• Ислам әлеміндегі қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамыту саласындағы ең үздік ғылыми-зерттеу жұмысы, жетістік немесе тәжірибе.

• Мүше мемлекеттердің қоғамдық секторында қоршаған орта және тұрақты дамумен байланысты жобалар мен іс-шараларының ең үздік тәжірибесі.

• Жеке секторда қоршаған орта және тұрақты даму жобалары мен іс-шараларының ең үздік птәжірибесі.

• Мүше мемлекеттердің қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдарындағы қоршаған орта және тұрақты дамумен байланысты ең үздік тәжірибесі немесе іс-шаралары.

Марапаттың Жоғары комитеті байқауға өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі 2017 жылдың 30-шы сәуірі деп белгілеген. Жеңімпаздардың сыйлықтары 2017 жылдың қазан айында  Рабат қаласындағы ISESCO штаб-пәтерінде өтетін Қоршаған ортаны қорғау министрлерінің 7-ші Ислам Конференциясының ашылу салтанатында табысталады.

Айта кету керек, Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) 2015 жылы ISESCO-ға Бақылаушы мәртебесін алған болатын. Алпысқа жуық мемлекетті біріктіріп отырған Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы ISESCO - ЮНЕСКО-ның исламдық аналогы саналады.

*Байқау талаптары туралы толығырақ Марапаттың ресми сайтында (www.ksaaem.org) танысуға болады. Ал қосымша ақпарат алу үшін келесі электрондық пошта арқылы Марапаттың Бас хатшылығының өтінім қабылдау бөліміне хабарласа аласыздар: info@ksaaem.org, superchair@ksaaem.org.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы