Жаңалықтар

Иштван Мандоки Қоңырға арналған конференция өтеді

985

2019 жылдың 10-11 ақпанында, Алматы қаласында «Достық» үйінде Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) ұйымдастыруымен белгілі түрколог, қыпшақтанушы ғалым Иштван Мандоки Қоңырдың 75 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция өтеді. «Ұлы дала және Мандоки мирасы» атты шара Елбасы Н.ӘН.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында айтылған бастамаларды жүзеге асыру жоспары аясында жүзеге асырылады. Шараға түрколог ғалымдар, Мажарстан, Ресей, Қырғызстан және өзге де бірқатар мемлекеттердің дипломаттары, қоғам қайраткерлері, ғалымның туыстары қатысады. Конференция барысында түркологияның өзекті   мәселелері талқыланып, Иштван Мандоки Қоңыр жайлы естеліктер айтылмақ. Сонымен қатар, түркі интеграциясының нығаюы мен түркология ғылымынның дамуына үлес қосып жүрген ғалым-қайраткерлерге Халықаралық Түркі академиясының арнайы марапаттары табыс етіледі.

Конференция қарсаңында, 10 ақпан күні Алматыдағы Иштван Мандоки Қоңырдың зиратына гүл шоқтарын қойып, еске алу шарасы ұйымдастырылады.

Естеріңізге салар болсақ, биыл 10 ақпанда танымал мажар түркологы, қыпшақтанушы Иштван Мандоки Қоңырдың дүниеге келгеніне 75 жыл толады. Ғалым саналы ғұмырында түркілер мен мажарлар арасындағы тарихи байланыстарды зерттеу, түркі халықтарының әдебиет, фольклор, поэзия үлгілерін мажар тіліне аударумен айналысып, түрлі экспедициялар ұйымдастырған еді. Ғалымның 16 мың кітаптан құралатын жеке кітап қоры 2014 жылы TWESCO кітапханасына табыс етілген болатын. Иштван Мандоки Қоңыр 1992 жылы 48 жасында өмірден өтті. Ғалым дүние салар алдындағы өз өтініші бойынша Қазақстанда жерленген.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Рашид Абдуллович Аганин
Түркітанушы-лингвист, филология ғылымдарының кандидаты.