Жаңалықтар

Иштван Қоңыр Мандокиді еске алу шарасы өтті

734

Бүгін белгілі түрколог, қыпшақтанушы ғалым Иштван Қоңыр Мандокидің дүниеге келген күні. Ғалымның туғанына 75 жыл толып отыр. Осы атаулы күнге орай Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) ұйымдастыруымен бір топ азамат Иштван Қоңыр Мандокидің Алматыдағы зиратына гүл шоқтарын қойып, еске алу рәсімін өткізді.


         Алматыдағы Кеңсай зиратында өткен шараға TWESCO президенті Дархан Қыдырәлі, Мажарстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Андраш Барани, ғалымның жұбайы Оңайша Мақсұмқызы, Мажарстанның Алматыдағы Бас консулы Ференц Блауман, Ресей, АҚШ, Қырғызстаннан келген ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен Мандокиді құрмет тұтатын қала тұрғындары қатысты.

         Еске алу шарасында сөз сөйлеген TWESCO басшысы Мандоки өмірі мен түркітану ғылымындағы айырықша орнына тоқталды. Сонымен қатар, ғалымның 75 жылдығына орай Қазақстанда да, Мажарастанда да арнайы еске алу шаралары өтіп жатқанын атап өтті. Ал ғалымның жары Оңайша Мақсұмқызы ғалым еңбегін айырықша бағалап, оған үнемі құрмет көрсетіп келе жатқан Халықаралық Түркі академиясына, оның басшылығына зор алғысын білдіріп, 11 ақпанда Алматыда өтетін «Ұлы дала және Мандоки мұрасы» атты ғылыми конференция жұмысына табыс тіледі. Конференция Алматыдағы «Достық» үйінде TWESCO-ның   ұйымдастырумен өтеді. Ал, ғалымның мерейтойына орай бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде көлемді мақала жарық көрді.




Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы