Жаңалықтар

Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен Ш.Айтматовтың 90 жылдығына арналған халықаралық жиын өтті

289

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында заңғар жазушы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына арналған «Айтматов тағылымы» атты халықаралық жиын өтті. Алқалы басқосуға Қырғызстаннан шақырылған ресми делегация өкілдері, атап айтқанда, Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, ТүркПА-ның комиссия төрағасы Садық Шер-Нияз, Жоғарғы Кеңестің депутаты Қаныбек Иманалиев, КСРО халық артисі, кинорежиссер Болотбек Шамшиев, Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңесінің экс-Төрағасы, профессор Медетхан Шеримқұлов, Қырғыз Республикасының халық артисі, төкпе ақын Замирбек Үсөнбаев т.б. келді. Сондай-ақ жиынға қазақстандық көрнекті мемлекет қайраткерлері, дипломаттармен бірге елімізге танымал белгілі түркітанушы ғалымдар мен ақын-жазушылар қатысты.

Басқосуды Түркі академиясы халықаралық ұйымының президенті Дархан Қыдырәлі кіріспе сөзімен ашып, жүргізіп отырды. Алғашқы болып сөз алған Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі А. Балаева бұл кездесудің бауырлас екі ел арасындағы ынтымақтастық пен мәдени қарым-қатынастарымызды одан әрі дамытуға зор септігін тигізуге ықпал ететініне тоқталды. Осыдан соң сөйлеушілер «Адамзаттың Айтматовы» атанған заңғар жазушы мерейтойының Астанадан бастау алып отыруының символдық маңызына айрықша тоқталып, бұл бастаманың күллі түркі әлеміне үлгі болатынын атап өтті.

Жиналғандар назарына қырғыз режиссері Артықбай Сүйүндүковтың «Айтматов» деп аталатын деректі фильмі ұсынылды.

Мәртебелі жиын қарсаңында Түркі академиясының демеушілігімен «Ғылым» баспасынан Қырғызстан Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, профессор, Қырғыз Республикасының экс-Мемлекеттік хатшысы Османакун Ибраимовтың «Айтматов. Последний писатель империи» атты кітабы жарық көрген болатын. Басқосуда осы кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

Халықаралық жиынға келушілер көкшетаулық манасшы Баянғали Әлімжанның, қырғыз елінің төкпе жыршысы Замирбек Үсөнбаевтың т.б. өнер шеберлерінің ән-жырларын тамашалады.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук