Жаңалықтар

Татарстанда түркі халықтарының мәдениетіне арналған конференция өтеді

2643

Ертең, 13-ші сәуір күні Татарстан астанасы Қазан қаласында «Өзгеріп жатқан әлемдегі түркі халықтарының дәстүрлі мәдениеті» атты І Халықаралық ғылыми конференция өтеді.

Конференция Татарстан Республикасы Мәдениет министрлігінің қолдауымен Дәстүрлі мәдениетті дамыту республикалық орталығы және Қазақ мемлекеттік консерваториясының ұйымдастыруымен болады.

Ғылыми жиынның негізгі мақсаты – түркі халықтарының тіл, фольклор, этнография, этномузыка, әдебиет, тарих салаларындағы, сонымен бірге әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік-саяси дамуындағы түйткіл мәселелерге гуманитарий-ғалымдардың назарын аудару.

Халықаралық ғылыми шараға Алтай, Әзербайжан, Башқұртстан, Дағыстан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркиядан келген білікті мамандар, Татарстандағы мәдени орталықтардың жетекшілері, ғылыми-зерттеу орталықтарының ғалымдары, ЖОО басшылары мен оқытушылары қатысады деп күтілуде.

Конференция жұмысы түркі халықтарының материалды және рухани мәдениеті; түркі халықтарының этникалық тарихы мен дәстүрлі мәдениеті; дәстүрлі мәдениетті зерттеудің пәнаралық аспектілері; түркі тілдерін зерттеудегі өзекті мәселелер және этномузыкатанудың проблемалары сияқты бес секция бойынша жүргізіледі.

Сонымен қатар конференция аясында түркі халықтарының материалды емес құндылықтарына арналған дөңгелек үстелдер мен көрмелер ұйымдастырылады. 


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы