Жаңалықтар

Әзербайжанда Түркі кеңесіне арналған конференция өтті

487

Баку қаласында Әзербайжан президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығының (СЗО) ұйымдастыруымен, аталған ұйымның 10 жылдығына орай «Геосаяси өзгерістердің Түркі кеңесінің болашағына әсері» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Алқалы жиынның ашылу салтанатында Түркі кеңесінің бас хатшысы Рамиль Гасанов, Әзербайжан президенті әкімшілігінің сыртқы саяси мәселелер бөлімінің жетекшісі Арасту Габиббейли, СЗО директоры Фархад Мамедов, Түркия СІМ СЗО бөлім басшысы Чийдем Тенкер Гёксал, Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Қазбек Исаев пен Қырғызстан Республикасы Стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Нұрәділ Байдәулетов сөз сөйледі.

Әзербайжан СЗО директорының орынбасары Гюльшан Пашаеваның модераторлығымен өткен Түркі кеңесінің мүмкіндіктеріне арналған сессияда Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлінің құттықтау хатын Академия сарапшысы Тимур Козырев оқып берді.


Айта кету керек, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық ұйымы (Түркі кеңесі) 2009 жылдың қазан айында Әзербайжанның Нахчыван қаласында құрылған болатын. Бүгінде Кеңеске Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан мен Түркия мемлекеттері мүше.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы