Жаңалықтар

Түркі әлемінің 2018 жылғы мәдени астанасы белгілі болды

283

Түркі әлемінің 2018 жылғы мәдени астанасы Түркияның Кастамону қаласы атанды. Бұл туралы бүгін Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы - Түркістан қаласында өткен халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы тұрақты Кеңесінің 35-ші отырысында мәлім болды.

Алқалы жиынға ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрі Нуман Куртулмуш, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Сұлтанбек Жұмағұлов және Түркі кеңесі, ТүркПА, Түркі мәдени Мирас қоры секілді халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.


Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) атынан кеңес отырысына ұйымның ғылыми қызметкері Ақеділ Тойшанұлы қатысты. Ол ұйымдастырушыларға Академия басшысы Дархан Қыдырәлінің арнайы құттықтау хатын жеткізді.

Басқосуда түркі елдерінің мәдениет министрлері түбі бір бауырлардың мәдени-рухани байланысын нығайту жолында игілікті істердің көптеп өтуіне басымдық берілу қажеттігін көтеріп, рухани қалада өткен мәдени шаралар бойынша өз пікірлерін білдірді.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін кездесу ТҮРКСОЙ-дың өткен жылғы есебі тыңдалып, түркі халықтарының мәдени-рухани байланыстарын нығайту жолында атқарылған шаралар талқыланды. Сонымен бірге, ұйымның алдағы жылға арналған жоспары мақұлданды.

Алқалы жиын нәтижесінде қатысушылар ТҮРКСОЙ тұрақты Кеңесінің ХХХV отырысының декларациясы мен жұмыс хаттамасын қабылдап, қол қойды.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты