Жаңалықтар

Анкарада түркітілдес мемлекеттердің құрылтайы басталды /Фото/

419

Бүгін Түркия астанасы Анкара қаласында Түркітілдес мемлекеттердің құрылтайы өз жұмысын бастады.

Ататүрік атындағы мәдениет, тіл және тарих жоғары құрылым, Түрік тілі құрылымы және Жаңа Түркия стратегиялық зерттеулер орталығы бірлесіп ұйымдастырған ауқымды шараға Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі қолдау көрсетіп отыр.


Құрылтайдың ашылу салтанатында Түркия премьер-министрінің орынбасары Фикри Ышык, Түркияның Мәдениет және туризм вице-министрі Хусейн Яйман, Ататүрік атындағы мәдениет, тіл және тарих жоғары құрылымының басшысы Дерия Өрс, Түрік тілі құрылымының басшысы Мұстафа Качалин, сонымен бірге Жаңа Түркия стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы Хасан Джеләл Гүзел сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.


Құрылтай ұйымдастырушылары мен қатысушыларына Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлінің арнайы құттықтауын ұйымның ғылыми қызметкері Айнұр Маемерова жеткізді.

2017 жылдың Түркияда түрік тілі жылы боп жариялануына орай ұйымдастырылған шараға Әзербайжан, Германия, Жапония, Иран, Ирак, Моңғолия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан, Ресей Федерациясы, Украина және басқа мемлекеттерден 300-ден астам делегат қатысуда.


Қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен ізденушілер құрылтай аясында Түркі әлемінің интеграциясы тұрғысынан түрік тілінің әлемдік тілдер арасындағы орнын айқындау, түркі тілдерінің әліппелері, сөздік қоры, ортақ терминологиясы, өзара аударма жасау секілді мәселелерге байланысты баяндамалар жасайды.


Негізгі ғылыми бөлімнен тыс түрлі мәдени бағдарламаларды қамтитын құрылтай жұмысы 16-шы қараша күні қорытындыланады.



Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Рашид Абдуллович Аганин
Түркітанушы-лингвист, филология ғылымдарының кандидаты.