Жаңалықтар

Қырғызстан Айтматов оқуларына шақырады

842

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында 2017 жылдың 12-13 желтоқсан күндері «Айтматов оқулары - 2017» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Аталған жиынның ұйымдастырушысы Қырғыз Республикасының Ш.Айтматов атындағы тіл және әдебиет институты.

Ұйымдастыру алқасы ғалымдарды, докторанттар мен ізденушілерді Ш.Айтматов мұрасы мен жалпы қырғыз әдебиетінің мәселелері талқыланатын конференцияға қатысуға шақырады.

Ғылыми шараның жұмыс тілдері: ағылшын, қырғыз, орыс және түрік.

Халықаралық жиынға қатысу өтінімдері мен баяндамалар 20-шы қарашаға дейін қабылданады.

«Айтматов оқулары – 2017» конференциясына өтінім үлгісі мен қосымша ақпаратты сілтеме арқылы жүктеуге болады.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты