Жаңалықтар

Түркі әлемінің үздік математиктері Астанада бас қосты

324

Астанада Түркі әлемінің математика қоғамының VI Конгресі болып өтті.

Айтулы халықаралық шараға 20 елдің 100-ден астам көрнекті ғалымдарын қоса алғанда, барлығы 500-ден аса адам қатысқан. «Егемен Қазақстанның» хабарлауы бойынша, конгресстің ғылыми секциялары математиканың барлық негізгі бағыттарын қамтыды. Төрт күн ішінде ғалымдар алгебра және математикалық логика, геометрия және топология, функция теориясы, дифференциалды теңдеулер мен математикалық физика, түркі халықтарының математиканы оқыту тарихы мен әдістемесі сияқты бағыттар бойынша өзекті мәселелерді талқыға салды.

Сондай-ақ, Конгресс барысында түркітілдес елдердің математикалық қоғамы басқармасының отырысы болды. Онда қоғамның жаңа құрамы сайланған болатын. Қатысушылар бірауыздан академик Бақытжан Жұмағұловты түркітілдес елдердің математикалық кеңесінің келесі мерзімге президенті етіп сайлап, келесі Конгресстің өтетін орнын анықтады. Түркі әлемінің математика қоғамының VIІ Конгрессі Өзбекстанда болады деп шешілді. Конгресс жұмысының қорытындысы бойынша математика ғылымының дамуына сүбелі үлес қосқан жетекші ғалымдар мен жас математиктер дипломдармен марапатталды.

Айта кету керек, Түркі әлемінің математика қоғамының конгресстері 3 жылда 1 рет өтеді. Алғашқы Конгресс 1999 жылы Түркияда өткен болатын.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты