Жаңалықтар

Мағжанның таңдамалы туындылары қырғыз тілінде жарық көрді

724

Қырғызстанның Ош қаласында өтіп жатқан «Шыңғыс Айтматов мұрасы: жаһандану дәуірінде ынтымақта өмір сүру» атты ІІ қазақ-қырғыз зиялылары форумында Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) қырғыз тіліне аудартып, басып шығарған Мағжан Жұмабаев шығармалары жинағының таныстырылымы өтті.


         «Арыстан айбат» деген атпен жарық көрген жинақтағы туындыларды қырғыз тіліне Қырғызстан жазушылар одағының төрағасы, қырғыздың халық ақыны Акбар Рысқұлов аударған болатын. Аудармашы кітапқа Мағжанынң 80 ге жуық өлеңі мен «Батыр Баян» және «Қорқыт баба»   дастанын енгізгенін атап өтті. Осылайша Академия Мағжан Жұмабаев шығармашылығын түбі бір түркі жұртына, әлемге таныстыру бағытында айырықша қызмет атқарып келеді.

Естеріңізге сала кетейік, TWESCO өткен жазғытұрым Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін 9 тілде, атап айтқанда ағылшын, түрік, әзербайжан, моңғол, өзбек, қазақ, қырғыз, алтай, башқұрт тілдерінде жинақтап, бір кітап ретінде басып шығарған еді. Ал, мамыр айында Өзбекстанда ақынның өзбек тіліне тәржімаланып, «Танланған асарлар» деген атпен жеке жинақ ретінде жарық көрген кітаптың тұсаукесерін өткізген болатын.

         Түбі бір түркі жұртының азаттығы мен бірлігін жырлаған, Түркістанның тұтастығын аңсап өткен ақынның туғанына биыл 125 жыл толып отыр. Осыған орай TWESCO 2018 жылды «Мағжан жылы» деп жариялаған еді.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы